Ынтымақ Мадиев 340 млн. теңгені жымқырды деген күдікпен абақтыға тоғытылды

Шиелі аудандық білім бөлімі басшысы қызметін соңғы уақытта Ынтымақ Мадиев атқарып жүр еді… Иә, иә бұрын Шымкент қалалық білім бөлімін басқарып еді ғой.

Аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы мен оның қарамағындағы тағы 2 қызметкер қамауға алынды. Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметіне сәйкес күдіктілер 340 млн. теңгені қолды қылған. Өкілетті басқарма мамандары пандемия уақытын пайдаланып, өздерінің қитұрқы әрекеттерін жүзеге асырған деген болжам бар.

Бүгінде аталған дерек бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Руслан Ягмусов:

«Былтыр пандемия кезінде сәуір-қараша айлары арасында мектеп оқушыларын жазғы лагерлерге орналастыру, оларды ыстық тамақпен қамтамасыз етілді деген желеумен 340 миллионнан астам теңгені жымқыру дерегімен тергеп-тексеру жүргізілуде. Бүгінгі таңда бөлім басшысы, сектер меңгерушісі және есепшісі ұсталып, қамауға алынды»,- деді.

Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]БАЛАБАҚША – БАҚЫТ АРАЛЫ[:]

Fri Apr 23 , 2021
Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп – балабақша. Ол – баланың екінші үйі. Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен […]