Шымкент қаласында өткен тәулікте 6 199 адамға вакцина салынды

Шымкент қаласында өткен тәулікте 6 199 адамға вакцина салынды деп хабарлайды adilettv.kz

I компонент – 5 160, II компонент – 1 039 адам. Егу науқаны басталғалы барлығы 83 908 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 9 083 адам вакцинаның екі компонентін алды.

26 сәуір күні КВИ-дің 35 жағдайы тіркелген (белгілері бар – 27, белгілері жоқ – 8 ). 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 20 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 290 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30), төсек-орын толымдығы – 45 %.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша 24 мобильдік топ жұмыс атқаруда. 26 сәуір күні 265 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталды.

Шымкентте вакциналау бекеттерінің саны 42-ге ұлғайды. Қалада вакциналау қоры жеткілікті. Тұрғындарды екпе егуге белсенді қатысуға шақырамыз.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Жетісайлық жаны жомарт азамат жалғыз басты анаға баспана сыйлады[:]

Tue Apr 27 , 2021
Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны жалғызбасты анаға 5 бөлмелі үйді сыйға тарты. Екі қыз өсіріп отырған Назгүл Шадманова баспанаға қол жеткізе алмай келе жатқанына бірнеше жыл болған. Тағдырдың тауқыметін тартқан ана жомарттық танытқан азаматқа шексіз алғысын білдірді. «Мен Жетісай қаласындағы орталық базарда аула сыпырып қыздарымды асырап отырмын. Тапқаным пәтерақы мен […]