Жетісайлық жаны жомарт азамат жалғыз басты анаға баспана сыйлады

Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны жалғызбасты анаға 5 бөлмелі үйді сыйға тарты. Екі қыз өсіріп отырған Назгүл Шадманова баспанаға қол жеткізе алмай келе жатқанына бірнеше жыл болған. Тағдырдың тауқыметін тартқан ана жомарттық танытқан азаматқа шексіз алғысын білдірді.

«Мен Жетісай қаласындағы орталық базарда аула сыпырып қыздарымды асырап отырмын. Тапқаным пәтерақы мен азық-түліктен артылмайды. Мұндай жағдаймен қашан үйлі болады екенмін, қалай перзенттерімді өзгелерден кем қылмай өсіремін деп уайымға салынатынмын. Міне, бүгін үйлі болып, күтпеген қуанышқа кенеліп отырмын. Тіпті, ішіндегі үй жиһаздары мен азық-түлігіне дейін беріп отыр. Енді бар тапқанымды қыздарымды тарықтырмай өсіруге барымды саламын. Игі іс жасап отырған азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ», – деді Н.Шадманова.

Қайырымды істің бастамашысы болған «Нәр-Тамшы» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Ермахан Рахматулла. Ол бұған дейін 10-ға жуық отбасыға баспана тарту еткен.

Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында 80 гектар жерге 200 пәтерлі 6 көпқабатты үй салынуда. Жыл соңына дейін бірқатар үйдің құрылысы аяқталып, ондағы пәтерлер баспана кезегінде тұрған аз қамтылған отбасыларға үлестірілетін болады.

 

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]РАШИД МЫҢБАЕВ - «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ӘЛ–ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ[:]

Wed Apr 28 , 2021
«Nur Otan» партиясы Әл–Фараби аудандық филиалының кезекті ХLII (42) есеп беру -сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары, қалалық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Бектаева Жанар Әлібекқызы, Әл-Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлы, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия […]