Қырымбек Көшербаев мемлекеттік комиссияның жұмыс топтары жетекшілерімен кездесті

Қырымбек Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс топтары жетекшілерімен кездесті.

Алматы қаласында ҚР Мемлекеттік хатшысы – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев мемлекеттік комиссияның жұмыс топтары жетекшілерімен, ғалымдармен және сарапшылармен кездесу өткізді.

Кездесу кезінде комиссияның жұмыс барысы мен өзекті мәселелері, оның ішінде архивтерде, әсіресе шетелдік мұрағаттардағы зерттеу жұмыстарын егжей-тегжейлі зерделеу қарастырылды. Өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейту, оларға тиісті әдістемелік көмек көрсету жөнінде шешім қабылданды.

Сондай-ақ Қырымбек Көшербаев өздерінің өтініштері бойынша бір топ мәдениет және ғылым қайраткерлерін қабылдады.

Еске сала кетейік, 8 сәуірде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның екінші отырысы өтті. Онда мемлекеттік комиссия мен оның өңірлік филиалдарының биылғы атқарған қызметі талқыланды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 миллион теңгеден берілді[:]

Tue May 4 , 2021
Шымкент қаласында қазіргі таңда 21 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай әр қарт майдангерге жыл сайынғы бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек –  360 АЕК яғни, 1 050 120 теңгеден  берілді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қаражат барлық соғыс ардагерлерінің есеп-шоттарына […]