Шымкентте Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 миллион теңгеден берілді

Шымкент қаласында қазіргі таңда 21 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай әр қарт майдангерге жыл сайынғы бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек –  360 АЕК яғни, 1 050 120 теңгеден  берілді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қаражат барлық соғыс ардагерлерінің есеп-шоттарына толығымен аударылған.

Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың шешімімен 3307 тыл ардагеріне  12 АЕК, яғни 35 мың теңгеден астам бір реттік ақшалай төлем жүргізілуде. Тыл ардагерлеріне барлығы 115 млн 758 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген.

7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға, атап айтқанда, Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль  атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар, Семей полигоны ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған, радиациялық апаттар мен авариялардан зардап шеккен азаматтарға  36 АЕК (105 012 теңге) көлемінде ақшалай көмек аударылады.

Жалпы, бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 82 124 болса, оның ішінде 21 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. 3307 тыл еңбеккері және  1728 ҰОС қатысушыларға теңестірілген азаматтар тұрады.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Солтүстік өңірлермен танысу мақсатында Түркістан облысынан 45 тұрғын жолға шықты[:]

Wed May 5 , 2021
Бүгінде “Nur Otan” партиясының Түркістан облыстық филиалы мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және жергілікті әкімдіктер арқылы жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз етуді көздейтін “Еңбек” бағдарламасының ұйымдастыру, насихат жұмыстары жанданды. Кеше аталған бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде Түркістан облысы, Сайрам ауданынан Солтүстік өңірге қоныс аударуға ниет білдірген […]