Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қылмыстық процестің үш буынды моделін талдап берді

Бүгін ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ведомствоаралық кеңес өткізді.

Агенттіктің Нұр-Сұлтан қалалық департаментінде өткен іс-шара барысында олар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде енгізілген қылмыстық процестің үш буынды моделімен, агенттік қызметкерлері мен прокурорлардың электронды форматта процессуалдық шешімдерді келісудегі өзара іс-қимылымен танысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасы болып тағайындалған кезімде қылмыстық процестің үш буынды моделін жетілдіріп, ведомство жұмысында толыққанды қолдануды тапсырған болатын. Бұл үш буынды модель азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесі саналады», – дегі Марат Ахметжанов.

Оның атап өтуінше, бүгінде агенттік жұмысында цифрлық жүйе жан-жақты қолданысқа енгізілген. Яғни, бүкіл процессуалдық шешімдер электронды түрде жасалып, прокурорға жолданады. Ол ашық, айқын болады.

«Біріншіден, ол жерде қылмыс құрамының бар-жоғы айқындалады. Күдіктіге қатысты дәлелдердің заңды әрі толық жиналуы қадағаланады. Соның барлығын қызметкерлеріміз талдап, жан-жақты қарайды. Одан кейін тергеу қарап шығады. Бұл бірінші сүзгі саналады. Дәлел толық болып, дәлелдер заң аясында жиналса, онда прокурорға жолданады. Екінші сүзгі – прокурор. Прокурор да істі жан-жақты қарайды. Өйткені, оның келісімі болғанда ғана шешім заңды болып саналады. Демек, прокурордың жауапкершілігі артады. Күдіктіге қатысты дәлелдер жеткілікті болғанда ғана келісім береді. Тергеу одан ары жалғасып, сотқа жіберіледі. Сот қарап қылмыс құрамының бар-жоғын, күдіктігінің айыптылығын шығарады. Үш буынды модель дегеніміз осы», – деді агенттік төрағасы.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Алматы облысында параплан құлап, екі адам ауруханаға жеткізілді[:]

Tue May 11 , 2021
Оқиғаның видеосы бүгін, 11 мамырда әлеуметтік желілірде пайда болды. Төтенше жағдай Алматы облысы Шамалған ауылында болған. Жазба сипаттамасындағы мәліметке сүйенсек, параплан электр тарату желілеріне ілініп, үзіп кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, параплан ауа ағынына түскендіктен, басқарылмай қалған. Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайын айтты. Ведомство мәліметі бойынша, 9 […]