Мемлекет басшысы Ауғанстан президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Логар провинциясының Пули-Алам қаласында және ел астанасы Кабулда болған террористік шабуылдардың салдарынан көптеген адамның, әсіресе, бейкүнә балалардың қаза тапқаны туралы ақпаратты зор күйзеліспен қабыл алды.

“Сіздің еліңіздің және бүкіл халықаралық қауымдастықтың осы жантүршігерлік қылмысты батыл айыптауына қосыламын. Қазақстан осындай қиын-қыстау сәтте ауған халқымен бірге екенін растайды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Сондай-ақ жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін”, – делінген жеделхатта.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Елбасы Түркістан қаласына келді[:]

Tue May 11 , 2021
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді. Өңірге сапары барысында Елбасы түркі әлемінің мәдени-рухани жауһары атанған  жасампаз қалада салынған бірқатар жаңа нысандардың ашылуына қатысты, деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі. Көне ғасыр мен жаңа дәуірді сабақтастыра түскен шаһарда үйлесімді үлгімен салынған жаңа  ғимараттар пайдаланылуға берілді. Күллі түркі жұртының жүрегінен орын тепкен […]