Әлімжан Құртаев “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысын сынға алды

Сенат депутатының айтуынша, әкімдіктер қоныс аударушыларға лайықты жағдай жасамайды. Депутат премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдады.

“Көшуге ниет білдірген отбасы оларды қабылдайтын өңір туралы толық ақпарат ала алмайды. Сондықтан оларда таңдау шектеулі. Кейбір әкімдік отбасын қалаған ауылына емес, әкімдік көрсеткен ауылға жібереді. Тағы бір мәселе – тұрғын үй мәселесі. Кейбір өңірде жаңа жеке тұрғын үйлерді салу жұмысымен фермерлік шаруашылықтар айналысады және үйді ресми келісу процесін толық өткізбестен тұрғыза береді. БАҚ-та жарияланған ақпарат бойынша, құрылыстың сапасы қойылатын талаптарға сай емес”, – деді Құртаев палата отырысында.

Сенатор түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды. Оның айтуынша, қоныс аударушылар үшін call-орталықтар ашу қажет, онда толық ақпарат пен барлық сұраққа жауап берілуі керек.

“Сall-орталықтар тиімді жұмыс істеуі үшін бос жұмыс орындары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, өңірде шаруашылықтың қандай түрімен айналысуға болатыны және т.б. мәселелер бойынша көшуге ниет білдіргендерге ақпарат бере алатын мамандарды тарту қажет. Банкте несиесі бар қоныс аударушыларға 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге демалыс беруге болады. Бұл да маңызды, себебі көшу барысында туындайтын қарыздар салдарынан азаматтарға субсидия беруден бас тартылады”, – деді Әлімжан Құртаев.

Тұрғындарды Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне көшіру бойынша “Еңбек” бағдарламасы “жұмыс күші артық өңірден – жұмыс күші тапшы өңірлерге” қағидаты бойынша жұмыс істейді. 2025 жылға дейін оңтүстік өңірлерден 10 мыңға жуық отбасы Солтүстік Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлап отыр.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz] Теріс әсері бар деп айыпталған QazVac вакцинасы[:]

Thu May 13 , 2021
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры Бақыт Тұяқбаева коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін қолы мен аяғы жансызданып қала беретінін байқаған. Осындай күндердің бірінде ол құлап, жамбас сүйегін сындырды. Бұл туралы оның ұлы Олжас Тұяқбаев айтты. Бақыт Тұяқбаева 77 жаста. Ол Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры және жүздеген оқушы, оның ішінде […]