Аялдамада 16 жастағы қызды екі әйел ұрып-соқты

Алматы облысында аялдамада 16 жастағы қызды екі әйел ұрып-соқты. Жасөспірім Алматы балалар ауруханасына жеткізілді.

Әлеуметтік желілерде зардап шеккен жасөспірімнің суреті тарап жатыр. Жазба сипаттамасында оқиғаның Боралдай кентіндегі “Сахарный” аялдамасында болғаны айтылған. Жәбірленушінің анасы оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр.

“Екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққан, жолда кептеліс болғандықтан куәгерлер көп болу керек. Қыздың миы шайқалған. Көліктің көбінде бейнебақылау бар, зардап шеккен қыз адамдардың видеоға түсіріп жатқанын айтқан”, – делінген жазбада.

Алматы облысының полиция қызметкерлері оқиға 13 мамырда сағат 18.35 шамасында Боралдай кентіндегі Космонавт көшесіндегі аялдамада болғанын айтты.

“Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал болып, екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққан. Кейін қылмыс орнынан таксимен қашып кеткен. 16 жастағы жәбірленуші Алматыдағы № 1 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Дерек Іле ауданы полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді полиция өкілі.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Министрлік вакцинаның екінші компонентін ала алмағандарға мәлімдеме жасады[:]

Fri May 14 , 2021
Денсаулық сақтау министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарындағы дозалар арасындағы аралықты қысқартқысы келетіндердің өтінішінен бас тарту туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді. Министрлік өкілдері бас санитария дәрігерінің Қаулысында азаматтардың өтініші бойынша 21-90 күн аралығында вакцина алуға болады деп көрсетілгені айтылады. “Екінші дозаны бірінші вакцинация жүргізілген жерден алу қажет екенін атап […]