Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкері алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін сотталды

Ақтөбе облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкері алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін сотталды.

Сот 2019 жылғы шілдеде Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға офицері ЖШС иесін салықтар мен өсімпұлдарды азайту мәселесін реттеу үшін пара беруге итермелегенін және оның 60 миллион теңге сомасындағы ақшасын иемденгенін анықтаған.

“М-ның кінәсі жәбірленуші, куәгерлер айғағы, тергеу, жедел-іздестіру шаралары хаттамасымен, сот сараптама қорытындысымен расталады. ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Бұл ауыр қылмыс. ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігінің санкциясы – 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Бұл аса ауыр қылмыс.

Сот шешімімен жаза тағайындау кезінде қызметкердің қабылдаған анттын бұзғаны ауырлататын жағдай деп танылды. Осыны ескере отырып, айыпталушы ең жоғары қауіпсіздік (қатаң режим – ескерт.) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыруға тағайындалды”,- делінген сот хабарламасында.

Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Бұдан басқа, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Оқушылар арасындағы Олимпиада ойындары, докторантура мен магистратураға тапсыру енді электрон форматта болады[:]

Fri May 14 , 2021
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушылары арасындағы Олимпиада ойындары, докторантура мен магистратураға тапсыру да  электронды форматқа көшкенін мәлімдеді. Бұл туралы министр Facebook желісіндегі парақшасында айтты. Оның сөзінше, бұл өзгерістерді қоғам жақсы қабылдап, қолдау білдірген. Асхат Аймағамбетов биыл электрон форматқа көшкен тек ҰБТ емес екенін айтады. “Біріншіден, оқушылардың пәндік Олимпиадасы. […]