ШЫМКЕНТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ АДАМ КЕЛБЕТІН ТАНИТЫН АҚЫЛДЫ ТУРНИКЕТТЕР ОРНАТЫЛУДА

Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен 100 пайыз қамтамасыз етілген,- деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Одан бөлек қауіпсіздік талаптары ескеріліп, ішкі істер органдарының жедел басқару бөлімшелерімен интеграцияланған бейнебақылау камераларын қосымша орнату жұмыстары жүргізілуде.

Көпфункционалды, жоғары мегапиксельді жүйе ауқымды сервермен қамтылған.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында мектеп фойелерін бақылау үшін оқушылардың, ата-аналардың өзге де келушілердің бет-әлпетін арнайы есепке алатын турникеттер орналастырылады. Өз кезегінде ата-ана баласының мектеп аумағынан келуі мен кетуін смс хабарлама арқылы бақылай алады. Автоматты скандау кемінде 5 мың адамның түрі мен саусақ ізін айқындайды. Мәліметтер базада 2 жыл бойы сақталады.

Бүгінгі таңда барлық мектептерде жұмыс уақытында вахтерлар ал, түнгі мезгілге күзетші жұмыс істеуде. Одан бөлек, жергілікті білім беру ұйымдарына полиция департаменті тарапынан мектеп инспекторлары бекітілген.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қымбаттауына байланысты кеңес өткізді[:]

Fri May 14 , 2021
Премьер-vинистрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қымбаттауына байланысты кеңес өткізді. Жыл басынан бері тауарлар орта есеппен 5 пайызға қымбаттаған, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл басынан бері 4 мамырға дейін әлеуметтік маңызы бар өнімдер 4,8 пайызға қымбаттаған. Тек сәуірде тауарлардың құны бірден […]