Шымкентте конституция күні аталып өтті

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заңым-Айбыным» атты мерекелік шарасы өтті. Салтанатты шараға  қатысқан Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов барша қала жұртшылығын мерекемен құттықтап, Ата заңның тәуелсіз Қазақстан тарихында алар орнының ерекше екендігін атап өтті.

“Ата заң – қастерлі құжат, тұрақтылық пен татулықтың тұғыры. Оның іргетасы тарихтың терең түбінде жатыр. Ол дала тіршілігімен тығыз байланысты. Бүгінгі Ата Заңымыз ата-бабаларымыздың өмір сүру дағдысымен қалыптасқан, әз Тәукенің «Жеті Жарғысы», Қасым ханның «Қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» секілді дала өмірінің заңнамалары жалғасы екендігі даусыз»,-деді қала басшысы.

Егемен еліміздің негізгі Заңының қабылдануы — тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі болып табылатынын айтқан қала әкімі Ата Заң аясында бүгінгі халқымыз тыныштықта өмір сүріп жатқанын айтты өз құттықтау сөзінде.

Бұдан бөлек мерекелік шарада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында жан-жақты ізденіспен жұмыс жасап, қоғамдағы саяси тұрақтылықты, татулық пен бірлікті қамтамасыз етуде табыс биігінен көрінген бірқатар азаматтар ҚР Президентінің және қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Ата заңның қасиеті мен маңыздылығы дәріптелген мерекелік шарада отаншылдық тақырыбындағы патриоттық әндер шырқалып, театрландырылған музыкалық хореографиялық қойылым көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар, «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының камералық оркестрі өз өнерін паш етті.
Айта кетейік, мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Конституциямыздың қабылданғанына биыл 24 жыл толып отыр.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:ru]Церемония награждения Назарбаевской премией за безъядерный мир стартовала в столице[:kz]Елбасы Ядролық қарусыздандыру үшін Назарбаев сыйлығын тапсырады[:]

Thu Aug 29 , 2019
Елордада «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстау рәсімі басталды, деп хабарлайды Adilet.TV тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап. Салтанатты шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкімет басшысы Асқар Мамин, Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшылары қатысуда . Естеріңізге сала кетейік, әлемдегі ең […]