Батыс Қазақстанда мұнай-газ кен орнын игерушілер жаппай уланды

Әлеуметтік желілерде Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын игерумен айналысатын компания қызметкерлері жаппай уланғаны туралы ақпарат пайда болды. Денсаулық сақтау басқармасы алты адамның тамақтан уланғанын және ауруханаға жатқызылғанын растады.

Топтардың бірінде адамдардың жағдайы ауыр екені хабарланған.

“Қосалқы мердігерлік ұйым қызметкерлері жаппай уланды. Адамдар ауруханада, жағдайы ауыр. Олардың кейбіреуі жансақтау бөлімінде жатыр”, – делінген жазбада.

Денсаулық сақтау басқармасы 12 мамырда Бөрлі аудандық ауруханасына бес науқас түскенін атап өтті. Келесі күні тағы бір адам ауруханаға жатқызылан.

“Диагнозы – тамақтан интоксикация. Қабылдау кезінде екі науқастың жағдайы ауыр болды. Олар жансақтау бөліміне жатқызылды. Келесі күні жағдайы жақсарған пациенттердің бірі медицина мекемесінің жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Екіншісі 14 мамырда ауыстырылды. Қалған үш науқас ауруханаға орташа ауыр жағдайда жеткізілді. Олар ем алып жатыр”, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

БҚО Бөрлі ауданының әкімдігі бұл дерек бойынша тексеру тағайындалғанын атап өтті. Оны аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі жүргізеді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Бүгін Мемлекет басшысы Тоқаевтың туылған күні[:]

Mon May 17 , 2021
Бүгін, 17 мамыр – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген. Ол 68 жасқа толды. Өткен жылы Президенттің баспасөз хатшысы Мемлекет басшысының бұл күнді атап өтуді ұнатпайтынын, өйткені оның отбасында балалардың да, ата-ананың да туған күндерін тойлау дәстүрі жоқ екенін айтқан. […]