Оқушысына өгей әкесі тарапынан жасалған жыныстық сипаттағы әрекетті біле тұра, жасырғаны үшін мектеп директоры айыпталды

БҚО-да Жаңақала ауданындағы мектеп-гимназия директоры мектеп оқушысына өгей әкесі тарапынан жасалған жыныстық сипаттағы әрекетті біле тұра, жасырғаны үшін айыпталды. Ол қызметінен босатылып, үйқамаққа алынды, – деп хабарлайды mgorod.kz.

2019 жылы Жаңақала ауданының тұрғыны Жақсыбай Сұлтанов 10 жасар өгей қызына (қазір қыздың жасы 12-де) қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікке ілініп, былтыр 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Енді жәбірленген қыз оқыған мектеп-гимназияның директоры Лариса Қожахметова ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Тергеу ісі бойынша, мектеп директоры мен мұғалімдер бұл оқиға туралы біле тұра құқық қорғау органдарына жүгінбеген.

«Сот отырысы барысында Лариса Қожахметованың кінәсі толық дәлелденді. Ол Жақсыбай Сұлтановтың қызға қатысты сексуалдық сипаттағы жасаған әрекеті (бес рет) туралы білді. Соттан Лариса Қожахметованы Қылмыстық кодекстің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тануды және оған төрт жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұраймын», – деді айыптаушы Орынтаев.

Күдіктінің адвокаты Айсұлу Биялиеваның айтуынша, айыптау тек жәбірленуші қыздың сөзіне негізделген және кез келген мұғалім бұл жағдайға тап болуы мүмкін.

«Мектеп директорын демалыс кезінде мектептен тыс уақытта жасалған қылмыс үшін жауапқа тартқалы жатыр. Тергеу барысында қыз 2019 жылдың сәуірінде Жаңақала мектеп-гимназиясының мұғалімдеріне анасының азаматтық некедегі күйеуі қысым көрсеткенін хабарлағанын айтты. Полиция директор мен мектеп-гимназияның тағы төрт мұғалімінен жауап алды. Олар қыздың сөзін толығымен жоққа шығарды. Олар айғақтарын сотта да растады», – деген адвокат мектеп директорына қатысты жазаны жеңілдетуді сұрады.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Басқарма қызметкерлері аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді[:]

Fri May 21 , 2021
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бірнеше қызметкеріне аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін қылмыстық іс қозғады,-деп хабарлады ҚазАқпарат. Департамент мамандары аса ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі негізінде жұмыс жүргізуде. Бұл бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлеріне қатысты […]