Басқарма қызметкерлері аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бірнеше қызметкеріне аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін қылмыстық іс қозғады,-деп хабарлады ҚазАқпарат.

Департамент мамандары аса ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі негізінде жұмыс жүргізуде. Бұл бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тергелуде.

«Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бірнеше лауазымды тұлғасы өздерінің қызмет бабын пайдалана отырып келеңсіз жағдайларға жол берген. Облыс аумағында 2019-2020 жылдарға арналған бірнеше жоба бойынша инвестициялық субсидия қаражатын үлестіру барысында бірнеше кәсіпкерлік нысандарымен келісімге келген. Сол арқылы аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салып, жымқыруды жүзеге асырған. Аталған қызметкерлер бірқатар шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмаса да, жабдықтар мүлдем қойылмаса да, олардың толық орындалғаны туралы жалған хаттама толтырып, оған қол қойған. Жүргізілген сот-құрылыс сараптамалары негізінде бірнеше шаруа қожалықтары бойынша мемлекетке келтірілген залал сомасы 26 млн 792 мың теңгені құрап отыр», – деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша мұндай қылмысқа жол берген азаматтар белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына шектеліп, оларға жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]«Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында жүргізуші куәлігінен айырылған 841 адам анықталды [:]

Mon May 24 , 2021
«Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында жүргізуші куәлігінен айырылған 841 адам анықталды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу үшін 17 мамырдан бастап елімізде «Қауіпсіз жол» алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында қозғалыс қауіпсіздігі […]