Президент Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға салынған үйлердің сапасын тексеруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

« Мемлекет басшысы «Казахстанская правда» газетінде 24 мамыр күні жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады» делінген хабарламада.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Құралай Исламқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Димашты жанкүйерлері туған күнімен құттықтап жатыр[:]

Mon May 24 , 2021
24 мамырда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 27 жасқа толды. Оның туған күнін әртүрлі елдегі мыңдаған жанкүйері бірге атап өтеді, – деп хабарлайды Аdilettv.kz тілшісі “Хабар 24” телеарнасына сілтеме жасап. Димаштың жанкүйерлері әншіге Желіде өлең мен музыкалық шығарма арнап жатыр. Олар Димашқа жүрекжарды тілектерін жариялады. Димаш алғаш рет 2017 жылы Қытайда белгілі […]