Димашты жанкүйерлері туған күнімен құттықтап жатыр

24 мамырда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 27 жасқа толды. Оның туған күнін әртүрлі елдегі мыңдаған жанкүйері бірге атап өтеді, – деп хабарлайды Аdilettv.kz тілшісі “Хабар 24” телеарнасына сілтеме жасап.

Димаштың жанкүйерлері әншіге Желіде өлең мен музыкалық шығарма арнап жатыр. Олар Димашқа жүрекжарды тілектерін жариялады.

Димаш алғаш рет 2017 жылы Қытайда белгілі телевизиялық шоуға қатысқан кезде танылған. Кейін ол сол байқауда екінші орын иеленді. Бірнеше ай ішінде Димаш Құдайберген миллиондаған көрермен сүйіктісіне айналды.

Шолпан Табаева – Димаштың жанкүйерлерінің бірі. Алматылық зейнеткер Димаштың Америка, Англия, Қытай, Ресейде ұйымдастырған концерттеріне қатысқан. Ол әлеуметтік желілерде Dimash Salem фан-клубын құрған. Онда әртүрлі елден 30 мыңнан аса оқырман тіркелген.

“Біз күн сайын Димаштың өмірінде не болып жатқанын айтып береміз. Әлеуметтік желілерде пікір жазамыз. Әлемді Димаштың шығармашылық өмірінде не болып жатқанын ғана емес, Қазақстанмен, қазақ мәдениетімен де таныстырамыз”, – дейді әртістің жанкүйері.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Құралай Исламқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Таразда аурухананы жарып жіберемін деп қорқытқан зейнеткер ұсталды[:]

Tue May 25 , 2021
Таразда 66 жастағы науқас бас дәрігермен кездесуді талап етті. Ол дәрігердің қабылдауын күтпестен “бәрін жарып жіберемін” деп қорқытқан. Тәртіп сақшыларына аурухананы эвакуциялауға тура келді, – деп хабарлайды Adilettv.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Полиция мәліметі бойынша, аурухананы жарып жібермекші болған әйел туралы медбике хабар берген. Тәртіп сақшылары емхананы қоршап, дәрігерлер, науқастар […]