Құқық қорғау органдары академиясының ректоры тағайындалды

Тимур Сүлейменов Құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарының кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиямен келісім бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен Құқық қорғау органдары академиясының ректоры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Тимур Қайырбекұлы 1975 жылы 28 ақпанда Новосибирск қаласында дүниеге келген.

1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіргеннен кейін еңбек жолын Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасында бастаған.

2001-2006 жылдар аралығында Алматы қаласының прокуратурасында, Әуезов ауданы прокурорының орынбасары, Түрксіб ауданының прокуроры лауазымдарын атқарды.

2006 жылы Алматы қаласы прокурорының орынбасары, ал 2008 жылы бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2013-2017 жылдары Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдан бастап Қостанай облысының прокуратурасын басқарды.

Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Тимур Сүлейменов. Фото: gov.kz

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Алматыда "Айшуақ Жантүгел" ҰҚТ мүшелері ұсталды - ҰҚК[:]

Wed May 26 , 2021
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыдағы “Айшуақ Жантүгел” ұйымдасқан қылмыстық топ қызметіне байланысты қылмыстық істер мен құрықтау барысын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “2020 жылғы 28-29 қарашада Алматыда “Айшуақ Жантүгел” ҰҚТ-ның жеті белсенді мүшесін құрықтау бойынша арнайы операция өтті. Бұл былтыр сәтті өткізілген операциялардың бірі. Дайындықты ҰҚК мен ІІМ бірлесіп жүргізді. Қылмыстық топты […]