«Енді күл-қоқыс түсімізге кірмейтін болды»

Ащыбұлақта полигон салу жұмысы тоқтатылды

Естеріңізге сала кетейік, «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің 2021 жылдың 20мамырында жарық көрген №14(129) санында «Қолдан апат жасау кімге керек? Ащыбұлақ ауылы қоқыс полигонын салуға қарсы» атты мақала жарық көрген болатын. Қазығұрт ауданы Ащыбұлақ ауылының тұрғындары ауыл іргесіне салынатын қатты тұрмыс қалдықтары полигонының салынуына түбегейлі қарсылықтарын танытып, біздің редакциямызға хабарласты.

Шұғыл түрде ауыл ақсақалдары және бас көтерер ер-азаматтары, жастары жиналған алқалы топпен жүздесіп, халықтың мұң-зарына құлақ түріп, бұл жөнінде сараптамалық материал әзірледік. Полигон салынатын аймақ ешбір санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай келмейді. Сел жүру қаупі жоғары сайда орналасқан, жер асты 5 метр тереңдікте тұщы су қоры бар. Бұл турасында Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаевпен тілдесіп, пікірін білдік.

Ақыры Мәдениет үйінде наразылыққа шыққан ауыл халқын Арман Айдарұлы қабылдап, қоғамдық тыңдау өткізді. Жиын соңында әкім бұл полигонды тоқтататын айтып, халықты қуантып қойды. Сөйтіп ащыбұлақтық ағайын дегеніне жетті.

«Енді күл-қоқыс түсімізге кірмейтін болды» дейді тұрғындар. Мәселе біржақты шешімін тапты. Мұның бәрі сын сәтте ауызбіршілік таныта білген ауыл халқының арқасы.

Асан АТАМБЕКОВ, Ащыбұлақ ауылының тұрғыны:

– 2014 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан халықтың түйткілді мәселесі тарқатылды. Аудан басшысы Арман Айдарұлы халықпен бірлесе отырып, оң шешімін шығарды. Енді полигон бұл жерден салынбайтын болды! Біздің аудан әкіміне және ұйымдаса білген аудан халқына алғысымызды айтамыз! Осылай бас қоссақ, шешілмейтін түйін жоқ!

Сардор ИСМАНОВ, ауыл тұрғыны:

– Өткен аптада ауылдан 1300 шақырым жерге қоқыс алаңын салу басталғалы тұр еді, алайда біздің белсенді ауыл тұрғындарымыз үйінде отырмай билікке талабын қойып үлкен бір апаттың алдын алды.

Халықтың талабын жерде қалдырмаған жаңа аудан әкімі Арман Айдарұлы ауыл тұрғындарымен кездесіп, бұл қоқыс алаңының дұрыс болмағанын және басқа жақтан орын тауып салып беруге уәде берді.

Бұл үлкен бір даудың шығып кетуін алдын алды. Менің ойымша осы жұмысқа жауапты мамандар өздері істеген жұмысына ұялады және осындай қателіктерді қайталамауға тырысатын шығар.

Жергілікті халықпен келісілмей істелген екі жұмысты да Арман Айдарұлының тікелей араласуымен тоқтатылып қаржы бюджетке қайтарылды. Оның бірі Тұрбат ауылындағы Тұрсынқұлов көшесінің жарықтануына бөлінген 31 миллион болса, екіншісі мына Ашыбұлақтағы қоқыс алаңы.

Арман Абдуллаевты осы күннен бастап халық идеал ретінде көре бастады, әңгімелерінде оның елге деген жанашырлығы туралы айтып жатыр. Мен өзім оқушыларыма мақтанып айтып жүрмін. Қарапайымдылық сізге жарасады, Арман Айдарұлы! Сіз сияқты билік адамдары көп болса дейміз. Басқалары да Сізден үлгі алып, жұмыс істейді деп ойлаймын. Халықтың батасы мен ризашылығы күллі атақ-даңқтан, бар байлықтан артық.

Редакция ұжымы

 

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Кетпен ұстаған шаруаның хәлін кім ұғады немесе «Тұран судың» әлегі…[:]

Fri May 28 , 2021
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВТІҢ назарына! Көктем шыға кетпенін көтеріп, қос алақаны мүйізгектене жер тырмалап, жан бағатын шаруалардың жыл сайын жырға айналған зары – ағын су мәселесі. Әсіресе, егіп қойған арпасына қыл аяғы су бармай тұрса, дихандардың қалай жаны күйетінін біле беріңіз. Түркістан облысы, Ордабасы және Сауран аудандарының шаруа қожалықтары […]