Дауылды желден зақымданған ғимараттар қалпына келтірілуде

Шымкентте кеше соққан дүлей дауылдан зақымдалған ғимараттар мен құрылыстар меншік иелерімен қалпына келтірілуде. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Жақсыбаев мәлім етті.

«1 маусым күні сағат 18.50 минут шамасында «Казгидромед» филиалының мәліметіне сәйкес қала аумағында орын алған желдің нақты жылдамдығы секундына 26 метрді құраған. Желдің салдарынан қала бойынша 2 білім беру объектілердің, 5 көпқабатты тұрғын үйдің, 3 коммерциялық ғимараттардың шатырлары ұшып, автокөліктердің үстіне құлаған. Нәтижесінде, 1 бала зардап шекті және 6 автокөлік зақымдалған. 2009 жылы туылған 12 жасар баланың бүгінде жағдайы орташа. Қайтыс болғандар жоқ. Жалпы 10 мекенжайда 3223 шаршы метр ғимараттардың шатыры желмен ұшырылғаны анықталды», – деді департамент басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсәт шағын ауданы, Қайнарбұлақ саяжайында, Сайрам, Исфиджаб, Өтеміс, Шапырашты, Қызылсу тұрған алабтарында жарық сөнген (шамамен 14 мың тұтынушы). Авариялық қалпына келтіру жұмыстарын Қайнарбұлақ, Сайрам аудандық электрстансалардың мамандары атқарып, сағат 23:00-де аталған мекенжайларға электр қуаты қайта қосылды.

Дауылды желден кейін зақым келген Нұрсат тұрғын алабындағы №74, 75, 76, 86, 111 тұрғын үйлер мен екі мектеп жауапты мердігер мекемелермен кепілді мерзімі аясында толығымен қалпына келтірілетін болады. Қажетті құрылыс материалдары мен жұмылдырылатын жұмыс күші мердігер есебінен жүргізіледі.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкенттік ХҚО-да дайын құжаттарды жеткізу қызметі іске қосылды[:]

Thu Jun 3 , 2021
Дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа қызмет енді Шымкентте қолжетімді. Енді курьер сізге дайын құжаттарды қажетті мекенжай бойынша жеткізеді. Бұл қызметтің құны 970 теңгені құрайды. Қазіргі таңда жеткізу сервисі арқылы 144 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді, оның ішінде – жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелерінің актілері, білім туралы құжаттарды апостильдеу, […]