16 мың қазақстандықтың ипотекалық қарызы толық өтелді

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған бастамаларын орындау аясында 16 075 қарыз алушының 62 млрд 41 млн теңге ипотекалық қарызы өтелді. 47 133 қарыз алушы жалпы сомасы 144 млрд 53 млн теңге болатын тұрғын үй ипотекалық қарыздарының бір бөлігін өтеу үшін біржолғы зейнетақы төлем жүйесін пайдаланылған. Сондай-ақ 8 889 қарыз алушы банктерден жалпы сомасы 150 млрд 361 млн теңге болатын тұрғын үй ипотекалық қарыздарын алу үшін алғашқы жарна ретінде зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдаланған.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан облысында 170 млн ағаш көшеті отырғызылады[:]

Tue Jun 8 , 2021
Түркістан облысында 2021-2025 жылдар аралығында 110 210 гектар аумаққа 170 млн ағаш көшеті отырғызылады. Қазірдің өзінде «Жасыл белдеудің» аумағы 13 мың гектардан асты. Жыл соңына дейін 20 мың гектарға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев […]