Шардарада табылған балбал тас мұражайда сақталатын болды

Шардара ауаны аумағынан табылған балбал тас біздің заманымыздағы І-ІІІ ғасырларға тиесілі. Көне ескерткіш өз заманының атақты қолбасшысына арнап жасалуы мүмкін, деген де болжам бар. Өйткені балбал тас бетінде әскери бас киім анық бейнеленген. Табылған тас мүсін мұражайдан орын алып, облыстық тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізу жөнінде құжаттар әзірленіп жатыр.

Көне жәдігерді тапқан жер иесі – Төребековтер әулеті. Тасты Шардара су қоймасына жақын маңдағы Шекертөбе жерінде мал бағып жүріп, тауып алған. Тас мүсінді шаруа қожалық иесі мұражайға аман етті. Құнды жәдігер табылған аумақта қазба жұмыстары жүргізілуі мүмкін.

Балбал – тастан қашалып жасалған адам бейнесіндегі ескерткіш. Яғни соғу, қағу, ұру дегенді білдіретін қос сөзден тұрады. Түркологтардың пікірінше, балбал сөзі «тасты тіп-тік етіп қадап орнатқан белгілер» деген мағынаны білдіреді.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Біреу Макронның бетінен шапалақпен салып қалды[:]

Wed Jun 9 , 2021
Кеше, 8 маусымда Франция президентін шапалақпен ұрған ер адамның видеосы тараған болатын. Әлеуметтік желілерде пайда болған видео кадрларында ел президенті адамдарға жақындағанын, ер адамдардың біреуін қолынан ұстап тұрғанын көруге болады, бірақ тұрғын оны ұстап тұрып, екінші қолымен шапалақпен ұрады. Осыдан кейін жағдайға күзетші араласады, Франция президенті бұл маңнан кетіп, ал […]