Біреу Макронның бетінен шапалақпен салып қалды

Кеше, 8 маусымда Франция президентін шапалақпен ұрған ер адамның видеосы тараған болатын. Әлеуметтік желілерде пайда болған видео кадрларында ел президенті адамдарға жақындағанын, ер адамдардың біреуін қолынан ұстап тұрғанын көруге болады, бірақ тұрғын оны ұстап тұрып, екінші қолымен шапалақпен ұрады. Осыдан кейін жағдайға күзетші араласады, Франция президенті бұл маңнан кетіп, ал сақалды адам ұсталады.

Оқиғаны Елисей сарайының өкілдері растаған, бірақ олар шапалақ туралы емес, шапалақ жасауға оқталу туралы айтып отыр. Оқиғадан кейін екі адам ұсталған.

Құқық қорғаушы Алан Дюфло президент Эммануэль Макронның бетінен ұрған ер адам түрмеге қамалып, 45 мың еуро (23 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін екенін айтты.

“Қылмыстық кодекстің 222-13-бабында егер болған жайттан кейін сегіз күн ішінде президенттің жұмыс істеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда…3 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 45 мың еуро көлемінде айыппұл салынуы мүмкін”, – деді адвокат Алан Фюфло.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ[:]

Wed Jun 9 , 2021
Көк байрағымызды биікте шарықтатып, қазақ елін әлемгетанытқан Бокстан Сидней олимпиадасының және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері,«Парасат» орденінің иегері, «Оңтүстік Қазақстан облысы және Мақтарал ауданының Құрметті азаматы», Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ділдәбеков Мұхтархан Қобланбекұлының жүлдесіне арналған бокстан жастарарасындағы ІХ халықаралық турнирі өтеді. Жарыс Түркістан облысы, Төлеби ауданы, «Алма-Тау» тау курортында […]