Түркістан қаласында 100-ге жуық көпқабатты тұрғын үй салынды

Түркістан қаласында жалпы аумағы 45 мың шаршы метр болатын 7 қабатты 15 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып қалды. 735 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасы көтеріліп, терезесі орнатылуда. Баспаналарды «Отбасылық банк» және екінші деңгейдегі банктермен сату және кезекте тұрған азаматтарға беру жоспарланған. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жұмыс барысын пысықтады. Жауапты тұлғаларға тапсырма берді. Сапаға басты назар аударуды ескертті.

Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында бес жыл ішінде 5 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй салу жоспарланған. Облыс орталығында дәл қазір 7,9 және 12 қабатты 82 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, жыл соңына дейін 1000-ға жуық пәтер беріледі деп жоспарланған.

Әкімшілік-іскерлік орталықтағындағы 20 қабатты тұрғын үйдің төменгі қабаттарында әкімшілік ғимараттар орналасқан. Құрылыс жұмыстары 2022 жылғы шілде айында толық аяқталады. Облыс басшысы жұмысшылар санын көбейтіп, жұмысты ширатуды тапсырды. Сондай-ақ 4, 6, және 8 қабатты тұрғын үйлер құрылысы келер жылдың наурыз айында аяқталады. Құрылысқа 150-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған.

Қаладағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеді. Банк, қонақүй секілді жаңа ғимараттардың құрылысымен танысты. Облыс басшысы бой көтерген жаңа нысандардың айналасын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асыруды міндеттеді.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]ЕЛБАСЫ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ[:]

Thu Jun 10 , 2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясындағы ерекше тарихи датаның бірегейі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығы. Расында, азаттық алмасақ, жаңа астана болмас еді. Сондай-ақ, елорда Алматыдан Арқа төсіне көшірілмесе, Еуразия университеті де өмірге келмесі анық. Бір-бірімен байланыстағы осы Тәуелсіздіктің жеңістері мен жемістері елдігімізді баянды етіп, Қазақстан жолының жаңашыл […]