КӨНЕНІҢ КӨЗІНДЕЙ КИЕЛІ ҚАЛАНЫ КӨРІКТЕНДІРЕ БЕРІҢІЗ, НҰРЕКЕ!

Түркістан қаласының әкімі болып Нұрбол Тұрашбеков тағайындалды

Түркістан тотыдайын таранып, ертегі әлеміне енгендей түрленіп келеді. Дәстүрі, тарихи тағылымы жағынан озық киелі мекен – түбі бір түркі тектес халықтары зиярат ететін қасиетті орынға, туризмі дамыған әлемдік әйгілі шаһарға айналғалы тұр.

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев киелі қаланың әкімі етіп Нұрбол Тұрашбековті тағайындады. Нұрекең бұған дейін Түлкібас пен Ордабасы аудандарын абыройлы басқарған, қос ауданның да экономикасын, әлеуетін көтеріп, көз сүйіндіріп түлете білген іскер басшы. Түркістанның тасын өрге домалатуға қабілет-қарымы жетеді. Халық алдында сенімі, азаматтығы жағынан айбыны жоғары Нұрбол  Әбсаттарұлы, біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып, ежелгі тарихи шаһарды жаһанға танытып, жандандыра беріңіз!

Айта кетейік, Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында туған. Мамандығы инженер-экономист. Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған. 2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры, 2012 жылы (Астана қаласы) «Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған. 2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

Бірнеше жауапты қызметтерде еңбек еткен Нұрбол Тұрашбеков 2017-2020 ж Түлкібас ауданының әкімі, 2020 жылдан Ордабасы ауданы әкімі қызметі лауазымын атқарып келді.

 

 

 

 

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]«Дәрігерлерді ардақтайық!» жалпыұлттық акциясы өтті[:]

Thu Jun 10 , 2021
Бүгін «𝗝𝗮𝘀 𝗢𝘁𝗮𝗻» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен : «Реаблитациялық орталығы 2» емханасында медицина қызметкерлеріне арналған «Дәрігерлерді ардақтайық!» жалпыұлттық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – ел аумағында жұқпалы індеттің таралуы кезінде қас қақпай жұмыла қызмет еткен, өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан […]