«Дәрігерлерді ардақтайық!» жалпыұлттық акциясы өтті

Бүгін «𝗝𝗮𝘀 𝗢𝘁𝗮𝗻» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен : «Реаблитациялық орталығы 2» емханасында медицина қызметкерлеріне арналған «Дәрігерлерді ардақтайық!» жалпыұлттық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – ел аумағында жұқпалы індеттің таралуы кезінде қас қақпай жұмыла қызмет еткен, өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс айту, қолдау көрсету.
Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер дәрігерлерге арнап иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған 50-ден аса денсаулық себеттерін дайындады.
Акцияға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қозыбахов Шыңғыс Лесбайұлы қолдауымен, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық мәслихат депутаты фракция жетекшісі Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы, «𝗝𝗮𝘀 𝗢𝘁𝗮𝗻» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының белсенді жастары қатысты.
Аталмыш акция дәрігерлердің ерлікпен пара-пар еңбектеріне алғыс білдіру мақсатында қаламызда 5-ші рет ұйымдастырылып отыр.
Аталған акцияны дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда.

#𝗝𝗮𝘀𝗢𝘁𝗮𝗻 #𝗝𝗮𝘀𝗢𝘁𝗮𝗻𝗦𝗵𝘆𝗺𝗸𝗲𝗻𝘁

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Наргиза Керімбаева: «Балалардың денсаулығы үшін барымды саламын"[:]

Thu Jun 10 , 2021
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Керімбаева Наргиза «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Милосердие» ҚҚ директоры Аружан Саинның орынбасары – Светлана Селюнинамен «Подари детям жизнь» жобасымен бірге Шымкент қаласындағы мамандандырылған №3 сәбилер үйінде болды. «Менің осы сәбилер үйімен ерекше байланысым бар. Өйткені, менің қайырымдылық жолым осыдан 5 жыл бұрын осы […]