Наргиза Керімбаева: «Балалардың денсаулығы үшін барымды саламын”

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Керімбаева Наргиза «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Милосердие» ҚҚ директоры Аружан Саинның орынбасары – Светлана Селюнинамен «Подари детям жизнь» жобасымен бірге Шымкент қаласындағы мамандандырылған №3 сәбилер үйінде болды.

«Менің осы сәбилер үйімен ерекше байланысым бар. Өйткені, менің қайырымдылық жолым осыдан 5 жыл бұрын осы жерде басталған болатын.
Сәбилер үйінде қазіргі уақытта түрлі аурумен ауыратын 36 бала тұрады. Олардың әрқайсысы жеке қамқорлық пен қолдауды қажет етеді. Светланамен бірге дәрігерлер келді, олар қажетті ота жасау және оларды аяққа тұрғызу, жаңа өмір сыйлау мақсатында балаларды тексерді. Мен өз тарапымнан бұл жобаны жан-жақты қолдап, балалардың денсаулығы үшін барымды саламын. Барлық балалар сау болсын! Кішкентай сәбилерге сәтті ота жасалуын тілейік! »- деді Наргиза Абайдуллақызы өз сөзінде.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте газ құю бекетінде өрт шығып, ер адам зардап шекті[:]

Mon Jun 14 , 2021
Шымкентте газ құю бекетінде өрт шығып, ер адам зардап шекті, деп хабарлайды adilettv.kz-кесілтеме жасап. 13 маусымда сағат 15:19-да Еңбекші ауданы, Момынов көшесі бойында орналасқан «Жан Ойл» авто жанар-май бекетінің жанындағы газ құю бекетінде өрт туралы хабар келіп түсті. Алғашқы жетіп келген өрт сөндіру бөлімдері көлемі 4 тонналық газ цистернасында газ […]