Жапония елшісі Шымкентте

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Касаи Тацухикомен кездесті. Ізеттелік жүздесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Жапония – қазіргі замандағы қуатты елдердің бірі екенін және мәдениеті жоғары дамыған ел екенін айтқан қала басшысы  Оңтүстік өңірі де қонақжайлылығымен ерекшеленетінін атап өтті.

«Шымкент қаласы өткен жылы республикалық қала мәртебесін алған миллионды қалаға айналды. Сондай-ақ, Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып белгіленді. Осының аясында көптеген іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Бұдан бөлек, Қазақстанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтеміз. Осы орайда, саяхаттауды жақсы көретін жапондықтарды аталған іс-шараларға қатысуға және қаламыздың тарихи-мәдени мұрасын тамашалауға шақырамын»,-деді Е.Айтаханов.

Бұдан бөлек, әкім  қаланың әлеуметтік- экономикалық ахуалы мен өндірістік-аграрлық саланың даму қарқынын баяндап, еліміздің үшінші мегаполисінде шетелдік инвесторлар үшін барлық қолайлы жағдайлар қарастырылғанын атап өтті.
Кездесу соңында әкім жапондық кәсіпкерлерді қонақ үй мен мейрамхана бизнесіне және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласы мен машина құрастыру саласына инвестиция салуға шақырды.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қасым-Жомарт Тоқаев «Валдай» пікірталас алаңында қандай мәселелерді көтерді?[:]

Fri Oct 4 , 2019
Әлемдік өндірістің 38 проценті Азияға тиесілі. Жер шарындағы кірісі көп компаниялардың жартысына жуығы да осы өңірде орналасқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Валдай» пікірталас алаңында сөйлеген сөзінде осылай деді. Президент Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі отырыс халықаралық ұйымға айналу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ сары құрлықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын […]