Шымкентте газ құю бекетінде өрт шығып, ер адам зардап шекті

Шымкентте газ құю бекетінде өрт шығып, ер адам зардап шекті, деп хабарлайды adilettv.kz-кесілтеме жасап.

13 маусымда сағат 15:19-да Еңбекші ауданы, Момынов көшесі бойында орналасқан «Жан Ойл» авто жанар-май бекетінің жанындағы газ құю бекетінде өрт туралы хабар келіп түсті.

Алғашқы жетіп келген өрт сөндіру бөлімдері көлемі 4 тонналық газ цистернасында газ жанын жатқандығын анықтады. Өрт сағат 16:08-де оқшауланып, сағат 16:10-да толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқиға орнында газ құю бекетінде оператор жұмысын атқарып жүрген 1992 жылы туған ер азамат зардап шегіп, бетін 18% және екі қолының білегін 1 дәрежелі күйік шалған. Зардап шеккен жігітке алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды.

Өртті сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 21 адам, 7 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Ордабасы: 5 айда ауыл шаруашылығы өнімі 14 млрд. теңгеге жетті[:]

Mon Jun 14 , 2021
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қаңтар-мамыр айларында Ордабасы ауданында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13 млрд. 795 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд. 298 млн. теңгеге артты. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін 6 млрд. 200 млн. тг жеткізу жоспарының 4 айдағы орындалуы 4 млрд. 642 […]