«ШЫМКЕНТ ЕҢ ҚАУІПСІЗ ҚАЛАҒА АЙНАЛУДА»

Ералы ЖҰМАХАНБЕТОВ, Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры:

«ШЫМКЕНТ ЕҢ ҚАУІПСІЗ ҚАЛАҒА АЙНАЛУДА»

2007 жылдан бері елімізде 23 маусым – Қазақстан Полициясы күні болып бекітілді. Бұл жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында жүрген құқық қорғау саласы басшыларына, ардагерлеріне және осында жанкешті еңбек жүрген барша полицей қызметкерлеріне ризашылық пен алғыс білдіру күні. Мереке қарсаңында Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Мұсаәліұлы Жұмаханбетовпен әңгіме-дүкен құрып, мерейлі сәтті бөлісіп қайттық.

— Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев барша полиция қызметкерлеріне азаматтарға мейлінше қорған болуды тапсырды. Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында полицияны бағалау өлшемдерін түбегейлі өзгерту, полиция қызметтерінің сервистік модельге көшу басым бағыттардың бірі болды. Ішкі істер министрлігі Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаевтың тапсырмасына сай «Жұртқа жақын полиция» қағидатын бірінші орынға қойдық.

Құрметті полиция қызметкерлері, ардагерлер!

Сіздерді Қазақстан полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Өз қызметін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін де полицейлер. Азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандарымыздың қатары көбейе берсін!

Еліміздің қорғандары полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілеймін. Қазақстанның өркендеу жолында жеңісті де, жемісті қызмет ете берулеріңізге тілектестігімді білдіремін.

Халқымыздың амандығын сақтау, Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес. Еңбектерінің әрқашан жана берсін!

Осы мейрамға орай құқық қорғау органдары қызметкерлерін құттықтай отырып, біздің саланың жеткен жетістіктерін атап өткім келіп отыр.

Атап айтқанда, орта дәрежелі қылмыстар 6,5 пайызға, яғни 1874-тен 1751-ге төмендеді. Денеге ауыр жарақат салу қылмыстары 14,3 пайызға, қарақшылық 21,4 пайызға, тонау 26,6 пайызға, ұрлық 20 пайызға, оның ішінде пәтер 26 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, бұрын сотты болғандардың ішінде қылмыстар 20 пайызға, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 41 пайызға, мас халде жасалған қылмыстар 2 пайызға, отбасы тұрмыстық қатынастағы қылмыстар 24 пайызға, қоғамдық орында жасалған қылмыстар 26 пайызға, көшеде жасалған қылмыстар 16 пайызға, қару қолданумен жасалған қылмыстар 17 пайызға былтырғыға қарағанда аз.

Сонымен қатар қала аумағында жол көлік оқиғасының саны 0,8 пайызға азайды. Қайтыс болғандар саны сондай пайызға төмендеп отыр. Дене жарақатын алғандар 4,5 пайызға азайып отыр. Криминологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстарды жүргізу іс шаралары нәтижесінде жалпы қылмыстардың ашылуы 41 пайыздан 51 пайызға көтерілді. Оларға тоқталатын болсам, ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 6,2 пайызға жоғарылады. Ауыр қылмыстардың ашылымы 9 пайызға, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысының ашылымы 1 пайызға, оның ішінде пәтер ұрлық қылмысының ашылымы 6 пайызға, ал ұрлық қылмысының ашылымы 40 пайызға жақсарды. Ал ауыр дене жарақатын салу қылмысы мен қарақшылық қылмыстардың ашылымы 100 пайызға көтерілді.

Тергеу және анықтау саласы бойынша сотқа жолданған істер саны 4 518-ден 4 625-ке немесе 2,5 пайызға артты. Оның ішінде хаттамалық нысанда іс жүргізу істері 32 пайызға артып отыр. Осы көрсеткіштерге қол жеткізудің бірден-бір себебі, қалалық әкімдіктің қолдауы мен бізге көрсеткен көп көмегі.

Жаңадан тергеу әдістеріне көшкелі бері 400 компьютер алып беріп, тергеушілер мен анықтаушылар қамтамасыз етілді. Одан кейін өздеріңізге белгілі, сыртқы қызметкерлердің барлығы, оның ішінде учаске инспекторы, ювеналдық полициямыз бар, барлығы дерлік 100 пайыз планшетпен қамтылды. Қазір қалаға 3,5 мың бейнекамера орнатылғалы деп жатыр. Оның 1,5 мыңы айналып қарап отыратыны, қалғаны көше қиылыстарына қойылатын камералар. Оның бәрі бізде жедел басқару орындарына тіркеледі.

Осы жедел басқару орнын жақсартуға әкімдіктен көмек сұрағанбыз. Ол жақтан нақты көмек беріліп, қазір жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңағы 3,5 мың камерадан бөлек мектептер мен балабақшалардағы бұрыннан келе жатқан камералардың түгелі осы жедел басқару орындарына қосылатын болады.

Алдағы жаңа жылдан бастап біздің қала ең қауіпсіз қала болып есептеледі деп ойлаймын. Мұның бәрі біздің полиция қызметкерлерінің күндіз-түні атқарып жатқан жұмыстарының арқасы. Мереке қарсаңында полиция қызметкерлерінің жұмыстарына алғыс айтқым келеді. Қала тұрғындарына да айтар алғысымыз шексіз. Қала тұрғындары полиция және учаскелік полициясымен біріге қызмет жасап жатыр. Мемлекет басшысы учаскелік полиция инспекторларының рөлін күшейтуді тапсырған болатын. ҚР Ішкі істер министрі қадағалап отыр, соның ауқымында учаскелік бекеттерге барып, халықпен тікелей бет-бет сұхбаттасып, тұрғындардың арасында қандай арыз-шағымдар бар, соны ден қойып тыңдаймыз.

Біздің мереке халыққа ортақ мереке деп ойлаймын. Өйткені, полиция халықпен бірге. Халық бізбен бірге!

Құрметті қала тұрғындары!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, полиция қызметкерлеріне жұмыста адалдық тілеймін!

Биылғы мереке қарсаңында Шымкент қаласы бойынша жаңадан қызмет жолын бастаған жиырма жас полицейден ант қабылдадық. Одан кейін 23 полицей қызметкеріне лейтенант шенін бердік.

Болашақта полицей болғысы келетін жастарға есігіміз айқара ашық!

Биыл үшінші жыл қаладағы №4 балалар үйіне қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеміз. Қазір осы балалар үйінің екі түлегі құқық қорғау саласын таңдады. Бір түлекті ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсіріп жатырмыз. Енді бірі Шымкент қаласындағы С.Рахымов атындағы әскери мектепке түсірдік. Бұл жастар төрт жылдан кейін маман атанып, өзіміздің қалаға келіп, елге қызмет жасайды деп сенеміз!

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]«Полиция престижді қызмет деп айта аламыз»[:]

Wed Jun 23 , 2021
Алмахан ТЕМІРХАНОВ, Шымкент қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі: «ПОЛИЦИЯ ПРЕСТИЖДІ ҚЫЗМЕТ ДЕП АЙТА АЛАМЫЗ» — Ішкі істер органдары мемлекеттік биліктің ең маңызды құрылымдарының бірі ретінде қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие. Ішкі істер министрлігінің талаптарына сәйкес заң бұзушылықтарға жол […]