Полиция күні қарсаңында жетісайлық полицейлер марапатталды

Мереке қарсаңында Жетісай АПБ-нің мәжіліс залында карантин талаптары қатаң сақтала отырып, жеке құрам, ішкі істер органдарының ардагерлері мен Жетісай ауданының әкімі М.Қадырбектің қатысуымен іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шара ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Әкімдіктен келген қонақтар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші Ішкі істер органдары ардагерлері мен Жетісай АПБ-нің жеке құрам қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысын жоғары дәрежеде атқарып жүрген ІІО ардагерлері мен полиция қызметкерлерін Жетісай ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.

Бұдан бөлек іс-шара барысында, «23-маусым Қазақстан Полициясы күні» кәсіби мерекесіне арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Іс-шара соңында шараға жиналғандар Жетісай АПБ-нің саптық алаңында орналасқан «Монумент-стелла»-ға барып, ІІО-да қызмет атқарып жұмыс барысындажәне мезгілсіз қайтыс болған қызметкерлерге арнайы гүл-шоқтарын қойып, еске алды.

Өз кезегінде біз де, барлық қазақстандық полицейлерді мерекелерімен құттықтаймыз! Жұмыстарына сәттілік пен биік абырой тілейміз

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан: Мемлекеттік кірістер департаменті 5 айда 122 млрд теңгеден астам түсім түсірген[:]

Fri Jun 25 , 2021
Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 5 айында мемлекеттік бюджет жоспарын 103,5% орындады. Жоспар 118 млрд 782 млн теңге болса, нақты түсім 122 млрд 960 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34 млрд 101 млн теңгеге көп. Бұл туралы брифингте департамент басшысының орынбасары Еркін Елшібеков мәлімдеді. […]