Түркістан: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы тұрақты

Биыл Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Қажымұхан ауыл округіне қарасты Көктөбе елді мекеніндегі «Жанұзақ Ата» шаруа қожалығы картоптан мол өнім алмақшы. 10 гектар аумаққа картоптың ресейлік «Коломбо» сортын еккен шаруа қожалық басшысы Бағдат Жолдасбеков өнім көлемін 250 тоннадан асыруды көздеп отыр.

«Жалпы өзіме тиесілі 25 гектар суармалы жердің 10 гектарына шетелдік тұқым салғанбыз. 15-20 күнде өнім жинау жұмыстары басталса, әр гектарынан 250-400 центнер өнім аламыз деген ойдамыз», – дейді шаруа қожалық басшысы.

Алдағы уақытта дайын өнім сұрыпталып, Түркістан облысы мен Шымкенттің базарларына саудаланбақ. Кәсіпкердің айтуынша, бір келісінің бағасы 160-180 теңге аралығында болмақ. Қазіргі таңда аталған шаруа қожалығы 15 азаматты маусымдық жұмыспен қамтып, орташа есеппен 100 мың теңге көлемінде айлық жалақы беріп отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Елордада карантиндік шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулы қабылданды[:]

Fri Jun 25 , 2021
Ел аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 22 маусымдағы хаттамасының негізінде елорданың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы қаланың ресми сайты хабарлады. Жаңа қаулыға сәйкес елордада коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын […]