«Әкім шық, шықпасаң орынды босат!» деп айқайлады ашынған әйелдер

Бүгін Шымкент қалалық әкімдігінің алдына бір топ көп балалы аналар өз мұң-мұқтажын айтуға келді. Күннің аптап ыстығына қарамай жиналған Аналар қала әкімі Мұрат Әйтеновтың сыртқа шығып өздерімен сөйлесуін талап етті. Алайда қала басшысы жиын басында болды ма, жоқ, әлде жарты сағат уақыт бөлуге мұршасы болмады ма, төбе көрсеткен жоқ.

Ашынған аналар күннен күнге азық-түлік бағасының құрықтаусыз, сан құбылып, аспанға шарықтап кетіп бара жатқаны жандарына бататынын жеткізбек болды. Олар әрі қарайғы тұрмыс-тіршіліктерінің қалай болатынына алаңдаулы. Баға көтерілгенмен, мемлекеттік жәрдемақының көтерілмей қойғанына, қазіргі уақытта АСП-ның  өзі нан-пұлға әрең жететінін, тіпті ештеңе жетпейтініне алаңдаулы.

Гүлжан Ақбаева, Шымкент қаласының тұрғыны алты баланың анасы:

-Елді қымбатшылық қаптады. Әлі бірде бір әкім, министр, депутаттың келіп, халықтың жағдайын білгенін көріп жатқан жоқпыз. Қаладағы базар бағасының тұрақтылығын реттеп, қадағалап жүрген ешкімді көрмедім. Сондықтан әкімнің алдына келіп талабымызды қойып жатырмыз. Халықпен жұмыс істесін, мұнда ауырып жатқан аналар бар, ешқайсысы келіп көрейін демейді.

Екінші, вакцина мәселесі. Егер вакцина алмаса, АСП ала алмайсыңдар деген сөз шығып жатыр. Соның нақтысын білуге келдік. Халықтың алдына шығып айтуы керек ғой. Мәселе де көп, әкімге қоятын талабымыз көп.

Әкім неге шықпады? Әйтенов мырза, сіз үшін азық-түлік бағасының күн сайын көтерілуі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың қиын жағдайы – күн тәртібіндегі мәселе болмағаны ма? Расында, халық тұтынатын азық түлік тауарлары күн емес, сағат санап өсіп жатыр. Жоққа шығара алмайсыз. Баға тұрақтылығын қадағалайтын комиссияңыз қайда? Бұл тараптан тиісті жұмыстар атқарылып жатқан жоқ па? Егер қандай да бір шаралар жасалып жатқан болса, онда неге алдыңызға келген бұқараға мойныңызды бұрып қарамайсыз, неге есеп бермейсіз? Әлде, әйелдер сізге адам емес пе?

 

 

 

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]COVID-19: Шымкент «қызыл аймаққа» өтті[:]

Thu Jul 1 , 2021
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды adilettv. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары; «Сары» аймақта: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау, Павлодар облыстары; «Жасыл» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. 30 маусымдағы жағдай бойынша, […]