Айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова өмірден өтті

Қазақтың арқалы айтыскер ақын қызы Әселхан Қалыбекова дүниеден озды. 
«Алаштың аяулы ақыны, асыл анамыз Əселхан Қалыбекова бұл жалғанмен қоштасып, шын өмірге аттанды. Барша қазақ еліне қайғырып көңіл айтамыз. Жаназа уақытын қосымша хабарлаймыз»,– деп жазды Біржан Байтуов өз парақшасында.
Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы. Қазақ КСРнің Халық ақыны, Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты, Отырар ауданының Құрметті азаматы.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Журналистер Одағы БАҚ мәселесін ортаға салды[:]

Wed Jul 7 , 2021
Медиасфера – тек ақпарат тарату құралы ғана емес, қоғамдағы ұлттық сананы қалыптастырушы күш екені қай заманда, қай мемлекет болсын дәлелденген дүние. Мынандай қызық мәлімет бар: осыдан отыз бес жыл бұрын Ұлыбританияның Оксфорд Университеті жанындағы Орталық Азияны зерттеу ғылыми орталығы қазақ баспасөзінің тарихын зерттей бастаған. Сонда ХХ ғасыр басындағы мерзімді қазақ бапасөзі […]