Сатыбалды Нарымбетов дүниеден өтті

Танымал режиссер, сценарист Сатыбалды Нарымбетов дүниеден өтті деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі. Қаралы хабарды Мәдениет және спорт министрлігі растады.

Режиссер 8 шілде таңертең қайтыс болған. Марқұм 75 жаста еді.

Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған, қазақстандық кинорежиссер, жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері.

«Жас аккардеоншының өмірбаяны», «Омпа, «Созақтан шыққан Гамлет», «Зауал, «Құрманғазы», «Көзімнің қарасы» сынды бірнеше киноға режиссерлік еткен.

«Тентек», «Ассалаумағалейкум, Атлантида» кітаптарының авторы.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Алматыда жаңадан ашылған спорт кешеніне Бекзат Саттархановтың есімі берілді[:]

Thu Jul 8 , 2021
Алматыда «Бокс әлемі» спорт кешені қолданысқа берілді. Аталған нысанда спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, орталық пен шалғай аудандардың барлық тұрғындары жоғары өмір сапасына қол жеткізуге тең мүмкіндікке ие болмақ. Әуезов ауданында ашылған «Бокс әлемі» спорт кешеніне […]