Алматыда жаңадан ашылған спорт кешеніне Бекзат Саттархановтың есімі берілді

Алматыда «Бокс әлемі» спорт кешені қолданысқа берілді. Аталған нысанда спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, орталық пен шалғай аудандардың барлық тұрғындары жоғары өмір сапасына қол жеткізуге тең мүмкіндікке ие болмақ.

Әуезов ауданында ашылған «Бокс әлемі» спорт кешеніне қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың есімі берілді.

Қаланың 3-шағын ауданында орналасқан нысан 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында ашылған. Мұнда күнделікті шамамен 50 бала жаттыға алады. Аз қамтылған әрі көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін тегін секциялар да қарастырылған.

«Енді Әуезов ауданында болашақ Олимпиада чемпиондары жаттығатын тағы бір орын бар. Біздің ауданның боксшылары дайындыққа арналған арнайы базада ең үздік көрсеткіштерге және ірі жарыстарда жеңістерге қол жеткізе алады деп ойлаймын», – деді аудан әкімі Сайран Сайфеденов.

Орталық директоры Бағдат Сырлыбаев бокс залы заманауи талаптарға сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]ПАНДЕМИЯДАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ – ВАКЦИНА[:]

Fri Jul 9 , 2021
Өздеріңізге белгілі, сәуірдің екінші жартысында COVID-19 инфекциясына қарсы жаппай вакцина салу басталды. Осығай орай Шымкент қаласындағы «Сымбат-Нұр» медициналық орталығы әрбір екпе алушы білуі тиіс негізгі ережелер меннормаларды халыққа түсіндіріп, екпе жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдымен вакцина салғызушы азамат не азаматша өз статусын анықтауы керек «Ең алдымен сіз арнайы қауіп-қатер топтарына жатпайтын […]