Италия құрамасы екiншi рет Еуропа чемпионы атанды

Футболдан Еуропа чемпионаты аяқталды. Ақтық сында Италия мен Англия құрамалары сынға түсіп, Италия 53 жылдан кейін екiншi рет Еуропа чемпионы атанды.

Финалдық матч Лондонның “Уэмбли” стадионында өтті. Ойынның алғашқы минутында ағылшындар есеп ашты. 1 минут 57 секундта Люк Шоу Италия қақпасына алғашқы голды салды.

Бұл EURO-2020 финалы тарихындағы ең жылдам гол болды.

Ойынның 67-минутында Италия құрамасының орталық қорғаушысы Леонардо Бонуччи таразы басын теңестірді.

Осылайша негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, футболшыларға қосымша уақыт берілді.

Алайда овертаймда да есеп ашылмады. Ал соңында жеңімпазды пенальти сериясы арқылы анықтауға тура келді. Бұл жерде италиялықтардың жолы болып Еуропа чемпионы атанды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды[:]

Tue Jul 13 , 2021
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасы М. Ахметжановтың бұйрығымен Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Шаттық Тынымбайұлы Утеев тағайындалды. Шаттық Утеев Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ақтау мемлекеттік университетін бітірген. 1999-2001 жылдары – Маңғыстау облысы бойынша Салық полициясы комитеті басқармасының инспекторы. 2001-2002 жылдары – Маңғыстау облысы […]