Арендалық алты көпқабатты үй тапсырылады

ҚР Парламенті Мәжіліснің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов Қаратау ауданының Нұрсәт шағын ауданында салынып жатқан 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Бұл көпқабатты үйлердің барлығы мемлекеттік бағдарламамен, нақтысы арендалық тұрғынжаймен қамту аясында бой көтерген. Алғаш бұл жоба басталғанда 8 үй салынады деп жоспарланған болатын. Соның екі үйі бітіп, пайдалануға тапсырылған. Қалған 6 үй осы қыркүйек айында баспана кезегінде тұрғандарға беріледі. Күз басында 336 азамат өзінің арендалық баспанасына ие болады. Ескерте кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласында 300 жұмыс істейтін жас арендалық пәтерге қоныстанды. Ол отбасылардың әлеуметтік жағдайы жақсарды. Жалпы, биыл үшінші мегаполисте 976 азамат арендалық баспана алады деп жоспарланған. Құрылыс басқармасы бұл жоспардың орындалатынын мәлім етті. Өйткені, ол «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына енген.

Арендалық үйлердің құрылысын жүргізіп жатқан «Атамекен» корпорациясы мен «Югстройсервис-Н» ЖШС өкілдері нысанның уақытылы тапсырылатынына сенімді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов құрылыстың сапасына қатты мән беру керек екенін айтты.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан облысында 500 мыңнан астам адам вакцина салдырды[:]

Tue Jul 13 , 2021
Түркістан облысында 518 100 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған. Соңғы тәулікте 11 070 адам екпе қабылдаған. Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация) 363 100 адам вакцина салдырды. Түркістан облысының 2088 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, Hayat-Vax мен қытайлық CoronaVac вакциналарын қабылдай алады. Соңғы тәулікте […]