Түркістан облысында 500 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Түркістан облысында 518 100 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған. Соңғы тәулікте 11 070 адам екпе қабылдаған. Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация) 363 100 адам вакцина салдырды.

Түркістан облысының 2088 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, Hayat-Vax мен қытайлық CoronaVac вакциналарын қабылдай алады.

Соңғы тәулікте Түркістан облысында 77 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 1,02 % құрайды. Облыста 846 038 ПТР-сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1504 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар, олардың 570-і бос. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 7554 жағдай тіркелді. Олардың 4773-де ауру симптомсыз өткен болатын.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]ШЫМКЕНТ: ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТЫҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ[:]

Tue Jul 13 , 2021
Бүгін Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының мәжіліс залында партия фракциясының мәжілісі өтті. Шымкент қаласы мәслихатының Nur Otan фракциясы мәжілісінде аталған фракцияның 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарған жұмысының есебі тыңдалды. Жиынға партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева төрағалық етті. Мәжіліске ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерман Мұхтар, […]