Парламент мәжілісінің депуататы Сауран ауданында шаруалармен кездесті

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты К. Абасов жаңадан құрылған Сауран ауданына келіп, аудан әкімімен және Жүйнек, Қарашық ауылдық округтерінің әкімімен кездесу өткізді.

Қ.Абасов Сауран ауданына жасаған іс-сапары барысында «Тұран» шаруа қожалығының төрағасымен кездесті.

«Тұран» шаруа қожалығы мақтаның «Тұран» деген ерекше түрін өсіруді қолға алған. Мақтаның бұл түрі жылына 45-50 центнер өнім береді.

Кездесу барысында Қ. Абасов: «Мақтаның экспорттық тауар ретінде потенциалы өте жоғары. Мақта өсіруді дамытып, шаруаларға қолдау көрсету керек. Себебі, мақтаның сабағына дейін ақшаға айналдырып, пайданы өсіруге болады. Сондай-ақ, жіп өндірісін де қолға алу қажет»,- деді.

Шаруалар парламент мәжілісінің депутаты мен аудан әкіміне бірнеше ұсыныстар айтты. Атап айтсақ, шаруалардың көктемгі егіс науқанына дайындығына көмек ретінде мемлекет тарапынан жасалынатын қаржылай көмектер маусым, шілде айларында емес күз мезгілінде берілсе деген ұсыныс айтылды.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан облысында 210 үміткер ауыл әкімі сайлауына қатысады[:]

Fri Jul 16 , 2021
Түркістан облысында ауыл әкімдерінің сайлауына қатысатын үміткерлерді тіркеу 26 маусымда басталып, 14 шілде күні сағат 18.00-де аяқталды. Нәтижесінде 210 үміткер тіркеліп отыр. Оның ішінде 83 үміткер – саяси партиялар, 127 үміткер – өзін-өзі ұсынғандар. Тіркеу жұмыстары аяқтала сала үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті.  23 шілде күні насихат жұмыстары аяқталып, 25 […]