Зейнетақы төлемдерін Egov.kz арқылы онлайн режимінде рәсімдеуге болады

2020 жылы індеттің басталуына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақы төлемдерін рәсімдеу тәртібін жеңілдетті. Жасына байланысты зейнетақы тағайындауға өтінішті Egov.kz портал арқылы онлайн беруге болатынын ескертеміз.

Egov.kz арқылы зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін төменде нұсқаулық көрсетілген:

– Egov.kz порталда ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіңіз.

– «Сервистер» бөлімінде «Электрондық өтініштер» санатынан «Қызметке онлайн тапсырыс беруді» таңдаңыз.

– Өтініш жасап, деректерді толтырыңыз. «Мемлекеттік қызметтің атауы» бағанында «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау» тармағын таңдаңыз.

– «Алушы» бағанында сіздің тұратын жеріңізге байланысты «Азаматтарға арналған үкіметтің» өңірлік филиалын таңдайсыз.

– Қажетті сканерленген құжаттарды тіркеп, ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қоясыз. Қызмет мәртебесі сіздің жеке кабинетіңізде көрсетілетін болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын беріледі.

Азаматтарды алдын ала брондау арқылы қабылдайтын ХҚО-ларда да өтініш беруге болады.

Сонымен бірге, 2021 жылдың басынан бері 1 606 шымкенттік жасына байланысты зейнетақы тағайындауға өтініш берген. Өткен жылдың осы кезеңінде 1 234 қала тұрғыны зейнетке шықты.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Рухия Байдүкенді жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды[:]

Wed Jul 21 , 2021
Бүгін түнде астана әуежайында Витебскідегі «Славян базары» халықаралық байқауының бас жүлдесін иеленген Рухия Байдүкенованы көпшілік күтіп алды. «Қазақ халқына алғыс айтамын. Елдің махаббатын сезіну – мен үшін бақыт, маған көрсетілген ерекше құрмет. Жеңісімді халқыммен бірге тойлағым келеді. Бала күнгі арманыма қол жеткіздім», – деді Рухия Байдүкенова. Айта кетейік, әнші «Славян […]