КЕЛЕС АУДАНЫНДА СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ САЛЫНУДА

Келес ауданының кәсіпкерлері де туған жерге спорт алаңшаларын салып, ауыл жастарының спортпен айналысуына мүмкіндік жасамақ. Атап айтсақ, Ошақты ауылдық округінің орталығынан бой көтеріп жатқан кіші футбол алаңын жергілікті кәсіпкер Абай Каюпов өз қаражатынан салуда.
Кәсіпкердің мәлімдеуінше, құрылыс нысаны күз айларына бітіп, елдің игілігіне пайдалануға беріледі.
Оған қосымша, ауданда спорт саласын дамытып, тұрғындарды салауатты өмір салтына бейімдеу үшін мемлекеттік жобалар жасалып, жүзеге асырылып жатыр. Нақтырақ тоқталсақ, биыл аудандағы 5 ауыл округінің орталық елді мекендерінде аудандық бюджеттің қаржысы есебінен спорт алаңдары салынуда. Ағымдағы жылдың шілде айында құрылысы басталған нысандар тамыз айының соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]ПОЛИЦЕЙЛЕР ІЗ-ТҮЗСІЗ ЖОҒАЛҒАН 15 ЖАСАР ҚЫЗДЫ ТАПТЫ[:]

Wed Jul 21 , 2021
Түркістан облысы Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Өз арызында әйел кәмелет жасына толмаған 15 жасар қызының үйінен 4 күн бұрын ешкімге айтпастан шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен. Ата-анасы қызын өз еріктерімен іздеп, алайда еш нәтиже шықпағанын айтқан. Сарыағаштық полицейлер ата-анасының қызды іздеуге жоғалтқан 4 күнін ескеріп, іздестіру жұмыстарына жеке […]