ПОЛИЦЕЙЛЕР ІЗ-ТҮЗСІЗ ЖОҒАЛҒАН 15 ЖАСАР ҚЫЗДЫ ТАПТЫ

Түркістан облысы Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Өз арызында әйел кәмелет жасына толмаған 15 жасар қызының үйінен 4 күн бұрын ешкімге айтпастан шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен. Ата-анасы қызын өз еріктерімен іздеп, алайда еш нәтиже шықпағанын айтқан. Сарыағаштық полицейлер ата-анасының қызды іздеуге жоғалтқан 4 күнін ескеріп, іздестіру жұмыстарына жеке құрамды жұмылдырды деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар, арнайы жедел уәкілдер тобы Шымкент қаласына қарай аттанды.
Осылайша жан-жақты жүргізілген іздестіру жұмыстары өз нәтижесін көрсетті. Полицейлер жоғалған қызды Шымкент қаласынан тапты.
Белгілі болғандай анасы мен қызы өзара сөзге келіп қалған. Ашуға бой алдырған 15 жасар қыз Шымкент қаласындағы құрбысының үйіне кетіп қалып, телефоның сөндіріп тастаған. Бүгінгі таңда жоғалған қыз отбасымен қайта қауышты. Тәртіп сақшылары қыз бен оның отбасы мүшелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қызының аман табылғанына риза болған анасы, сақшыларға алғысын айтты.
Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз жоғалған жағдайда, тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.
Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]АРЫС ҚАЛАСЫНДА 10 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ[:]

Wed Jul 21 , 2021
Арыс қаласында «Түркістан Агро KZ» ЖШС-ң биыл «Жаңбырлатып суару және мал бордақылау алаңы» жобасының құрылысы басталады. 2000 га жерге жаңбырлатып суару әдісі жобасының биыл 500 гектары іске қосылмақ. Алдағы жылы 10 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын іске қосу жоспарлануда. Кешен толық іске қосылғанда 200 адамды жұмыспен қамтылатын болады. Жобаның […]