Жастарға берілген тұрғын үй кешенін аралап, ондағы жағдаймен танысты

Бүгін 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасының жол картасы аясында «Жас отбасыларды қолдау және жастарға қолжетімді баспана» бағыты бойынша Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ахметов Мади Абылайұлы және қалалық кеңес мүшелері Асар-2 тұрғын үй алабындағы «Жастарға берілген тұрғын үй» кешенін аралап, ондағы жағдаймен танысты.

🔹Осы бағдарламаның орындалу барысы мен кездесіп жатқан кедергілерді азайту мақсатында тұрғындармен кездесу өтті.

🔹Кездесу барысында Асар-2 тұрғын үй алабының тұрғындары келесідей мәселелерді айтты:

1. Тұрғын үй алабында ешқандай спорт алаңшасының болмауы;
2. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында жаяу жүргіншілер жолының жоқтығы;
3. Жол мәселесі. Ондағы асфальттың әлі күнге дейін төселмеуі;
4. Қоғамдық көліктің өте сирек қатынауы;

🔹Осы мәселелер бойынша Шымкент қалалық маслихат депутаты Алимбек Аслан Асар-2 тұрғын үй алабына қыркүйек айында жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілетіндігін жеткізді.

#𝗝𝗮𝘀𝗢𝘁𝗮𝗻 #𝗝𝗮𝘀𝗢𝘁𝗮𝗻𝗦𝗵𝘆𝗺𝗸𝗲𝗻𝘁

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстанда туу көрсеткіші өсіп келеді[:]

Fri Jul 23 , 2021
2021 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда 100,5 мың сәби дүниеге келген. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен көрсеткіштердің бірі деп жазады Ranking.kz. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 8,4%-ды құраған. Салыстырар болсақ, 2020 жылдың алғашқы тоқсанында елімізде 92,7 мың бала дүниеге келген. 2019 жылы – 91,9 мың. Жалпы, еліміздегі бэйби-бум соңғы үш тоқсаннан бері […]