Шымкенттік кітапханада планетарий залы іске қосылды

Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тағы бір жағымды жаңалық көрініс тапты. Кітапхана оқырмандары үшін  ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің астрономия ғылымына арналған «Планетарий залы» іске қосылды. Аталған планетарий бұл жұлдызды аспан, күн, ай және планеталардың кескінін жарты сфералық күмбез түріндегі экранға түсіріп көрсетуге арналған аппарат.
Әл-Фарабидің тұжырымдамасында, бұл көктегі қозғалыстарды зерттеуді арифметика мен геометрия арқылы зерттеуге болады. Кітапханада іске қосылған планетарий залында келушілер орындықтарға жайғасып, жоғарыдағы экраннан ғаламшар әлемін тамашалай алады. Бейне көріністер орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Алдағы уақытта оны қазақ тіліне тәржімалау жоспарлануда.
Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Болашақ кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде[:]

Mon Jul 26 , 2021
Кәсіп бастаймын деген болашақ кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан мүмкіндіктер көп. Солардың бірі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты шеңберінде Мемелекеттен қолдау тапқан қала тұрғаны – Сауле Абдукадирова. Ол былтырғы жылдың шілде айында «Атамекен» палатасы жанындағы «Бизнес бастау» курсына қатысып, қолына сертификат алған соң, мемлекеттік грантқа «Шаштараз ісі» бойынша комиссияға өз бизнес-жоспарын ұсынған. […]