Жыл басынан бері 12 654 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты

Шымкент қаласында халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында алдымен жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шаралары жүйелі жүргізілуде.

Осыған орай «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл 21 841 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 2021 жылдың 1 жарты жылдығында нақты 12 654 адам жұмыспен қамту шарасына қатысты.

2021 жылдың 6 айында 1440 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жіберілді, 21 адамға шағын несие, 584 адамға мемлекеттік грант берілді, 4279 адам бос жұмыс орындарына, 211 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1078 адам жастар практикасына, 2825 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасты.

Шымкент қаласында азаматтарды жұмыспен қамту шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]31 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді[:]

Tue Jul 27 , 2021
Шымкент қаласында бүгінде 30 962 әлеуметтік аз қамтылған отбасыға яғни, 149 147 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмек бекітілген заңнамаға сәйкес, отбасының табысы кедейшілік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға тағайындалып төленеді. Атаулы әлеуметтік көмек тоқсанға тағайындалып ай сайын төленеді және кедейшілік шегінен төмен шартты немесе шартсыз түрде ақшалай […]