31 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Шымкент қаласында бүгінде 30 962 әлеуметтік аз қамтылған отбасыға яғни, 149 147 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмек бекітілген заңнамаға сәйкес, отбасының табысы кедейшілік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға тағайындалып төленеді. Атаулы әлеуметтік көмек тоқсанға тағайындалып ай сайын төленеді және кедейшілік шегінен төмен шартты немесе шартсыз түрде ақшалай көмек түрінде беріледі.

Шартсыз ақшалай көмек жалғызілікті және жалғыз тұратын табысы аз зейнет жасқа жеткен адамдарға, I, II топ мүгедектеріне, 2 ай мерзімге уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға, құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі 3 жасқа дейінгі бала бар отбасыға, басқа адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж жандарға көрсетіледі.

Шартты ақшалай көмек табысы аз жалғызілікті немесе жалғыз тұратын еңбекке қабілетті немесе құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасыларға көрсетіледі. Жұмысқа қабілетті мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда ғана атаулы әлеуметтік көмек беріледі.

Көмек алушылардың ішінде 1-6 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларды кепілдендірілген әлеумметтік топтамамен қамтамасыз ету «Грамад» сауда орталығы арқылы іске асырылады. Шымкент қаласы бойынша бүгінгі күнге дейін 212 194 дана кепілдендірілген әлеуметтік топтама таратылды. Оның ішінде 1 мен 3 жас аралығындағы балаларға 69 714 азық-түлік жиынтығы, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларға 95 752 кепілдендірілген әлеуметтік топтама таратылды. Сонымен қатар, тоқсанына бір рет берілетін тұрмыстық-химиялық жиынтықтың 46 728 данасы таратылды.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Инфрақұрылымдық жүйелерді жаңарту кезек күттермейтін мәселе[:]

Tue Jul 27 , 2021
Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбековтың алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмыстарының есебін тыңдады. Басқарма басшысы берген мәліметке сәйкес, тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша биыл 18 жоба қолға алынып, іске асырылуда. Оның ішінде 15 тұрғын алап пен шағын ауданда электр жүйелерін жаңарту жұмыстары […]