Инфрақұрылымдық жүйелерді жаңарту кезек күттермейтін мәселе

Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбековтың алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.

Басқарма басшысы берген мәліметке сәйкес, тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша биыл 18 жоба қолға алынып, іске асырылуда. Оның ішінде 15 тұрғын алап пен шағын ауданда электр жүйелерін жаңарту жұмыстары көзделіп, 3 қосалқы станцияның құрылыстарын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде биыл 21 мыңнан астам адам тұтынатын электр қуатының сапасы артады.

Табиғи газбен қамту бойынша 7 жобаның құрылысы қарқынды түрде атқарылуда. Оның ішінде 2 магистралды жүйелер мен бес шағын ауданды газбен қамту жұмыстары атқарылып отыр. Оған қосымша 12 жобаның құрылысы 2022 жылға өтпелі.

Қала әкімі М.Әйтенов халық тұтынатын электр энергиясының сапасын арттыру кезек күттірмейтін маңызды мәселе екендігін айта отырып, қосалқы станцияларды іске қосуды жеделдетуді және бұл жұмыстарды атқару барысында жүйелі тірлік атқаруды талап етті. Тұрғындарды газбен қамту жобалары бойынша биыл аяқталуы тиіс жұмыстарды жылыту маусымына дейін толығымен бітіріп, пайдалануға беруді тапсырды. Халықты газбен қамтудағы ауқымды жоба – №3 автоматты газ реттегіш станциясыдағы сынақ жұмыстарын талапқа сай атқарып, жақын күндері іске қосуды жүктеді.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Құрылыс жұмыстарының өндірістік кестесін қайта қарау жүктелді[:]

Tue Jul 27 , 2021
Шымкент қаласында кәріз жүйелері бойынша биыл 13 нысанның құрылысы басталған. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке биылғы жылдың алты айында атқарылған жұмыстар туралы есепті баяндамасында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков мәлімдеді. Канализациялық жүйелердің құрылысы жөнінде ақпар берген басқарма басшысы осы бағыттағы ауқымды жобалардың бірі – Арғынбеков […]