Құрылыс жұмыстарының өндірістік кестесін қайта қарау жүктелді

Шымкент қаласында кәріз жүйелері бойынша биыл 13 нысанның құрылысы басталған. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке биылғы жылдың алты айында атқарылған жұмыстар туралы есепті баяндамасында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков мәлімдеді.

Канализациялық жүйелердің құрылысы жөнінде ақпар берген басқарма басшысы осы бағыттағы ауқымды жобалардың бірі – Арғынбеков көшесінің бойымен Жібек жолы көшесі арқылы №2 коллекторға дейінгі аралықтағы канализациялық коллектордың құрылысы екендігін атап өтті. Жалпы ұзындығы 12,9 шақырым болатын жобаның құрылысы бүгінгі күні 40 пайызға аяқталған. Ішкі кәріз жүйелері бойынша 11 жаңа нысанның құрылысы басталып, жыл соңына дейін қала шағын аудандары мен тұрғын алаптарының кәріз жүйесімен қамтылу көрсеткіші 54 пайызға жеткізілмек.

Жұмыс көрсеткіштерімен мұқият танысқан қала басшысы М.Әйтенов құрылыс жұмыстарын күзгі маусымға қалдырмай мерзімінен бұрын аяқтау үшін жұмысшылар санын арттыруды, өндірістік кестені қайта қарап, бекітуді тапсырды. Жобаны іске асыруда қолданылып жатқан құбырларды лабораториялық бақылаудан өткізуді ұйымдастырып, жаңа коллекторлық жүйені шайынды судың көлемі артатын күзгі кезеңде сынақтан өткізу мүмкіндігін қарастыруды жүктеді.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкенттің құрылыс саласы жаңа деңгейге шығуы тиіс[:]

Tue Jul 27 , 2021
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық құрылыс басқармасының жарты жылдық есебін тыңдады. Басқарма тарапынан биылғы жылы 113 құрылыс жобасы іске асырылуда. Мекеме қызметінің тиімділігін бағалау 8 мақсатты көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 4832 пәтерлі 79 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыстары басталған. Оның ішінде 1224 пәтерлі 18 тұрғын үй […]