Шымкент көшелеріне 3,5 мың бейнекамера орнатылады

Шымкенттің көшелеріне 3,5 мың көше бақылау камералары орнатылатын болды. Бұл үшінші мегаполистің қоғамдық тәртіп бақылауын күшейту мақсатында қолға алынбақ. Мұны Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова өалаға іс-сапармен келген сәтте мәлімдеді. Іс-сапар барысында сенаторлар Шымкент қалалық полиция департаментінің жұмысымен танысқан болатын.

Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов Сенат депутаттарына полиция қызметін жақсарту бойынша департаментте атқарылып жатқан жұмыстар мен бұл бағытта жергілікті әкімдіктің көрсеткен қолдаулары жайында айтып берді.

Кездесу барысында Н.Бекназаров тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау, жергілікті полиция қызметін жақсарту бағытында Парламент Сенатында бірнеше заңдардың қаралғанын және Үкіметке арнайы ұсыныстар берілгенін атап өтті.

—Бүгінгі таңда полицейлердің кепілдендірілген әлеуметтік төлемдерін арттыру, тәртіп сақшысының міндетіне кірмейтін, артық қызметтерді алып тастау, учаскелік полиция мәртебесін көтеру, төтенше жағдайда төленетін еңбекақы мөлшерін өсіру және полицейлердің зейнеткерлік жасын ұлғайту бағытында заңдар қаралып, бұларды іске асыру жөнінде Үкіметпен арнайы келісім жасалды. Ең бастысы қала тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау. Әлемнің қайбір қаласын алып қарасақ та бірінші кезекте тыныштық пен қауіпсіздік тұрады. Жалпы халық үшін үшінші мегаполиске қыдырып келетін туристер үшін де ең маңыздысы ол қаланың қауіпсіздігі мен тыныштығы,-деді Нұрлан Құдиярұлы.

Пандемияның кезінде тәртіп сақшыларының қызметі ауырлап, олардың жұмысына қосымша күш түскені белгілі. Осыған байланысты республиканың үшінші қаласында полиция қызметінің саласын жетілдіріп, заман талабына сәйкес цифрлық сервиске көшу маңызды болып тұр.

-Карантин тұсында тұрғындардың қимыл-қозғалысы мен қауіпсіздігін бақылау да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып келеді. Сондықтан бағаналарға көше бақылау камераларын орнатудың тиімділігі артып отыр. Бұл ретте камералық бақылау құралдары айыппұлдар салу жазалау мақсатында емес, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында көбірек қызмет атқаруы тиіс,- деді сенатор Айгүл Жарылқасынқызы.

Сонымен бірге Парламенттің жоғарғы палата өкілдері бүгінгі іс-сапар жоспарына сәйкес Шымкент қалалық мәслихат депутаттарымен кездеседі, сондай-ақ Шымкенттің Абай ауданына қарасты Жиделі шағынауданында орналасқан көлік-логистикалық орталығының жұмысымен танысатын болады.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде[:]

Tue Aug 3 , 2021
«Қыс шанаңды жаз сайла» дегендей, күн жылы, жер қара кезде қысқа дайындық жұмыстарын жүйелеп алған жөн. Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев Отырар және Спорт шағын аудандарын аралап, «Қуатжылуорталық-3» мамандарымен бірлесе жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады. Бүгінде 143 көпқабатты тұрғын үй жылыту маусымына дайын. Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында 672 […]